Қожа Ахмет Яссауидың рухани мұрасын дәріптеуге бағытталған ғылыми-танымдық жоба Мақтаарал мен Жетісай аудандарында жалғасты. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, Яссауи мұрасын кеңінен насихаттаудың ұлттық құндылықтарды сақтаудағы маңызына тоқталды. Кездесуде ғалымдар мен теологтар ұлы ойшылдың ілімінің бүгінгі қоғамдағы орны, ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбиедегі рөлі туралы баяндама жасады.