Маңғыстау облысынан бастау алған «Адам саудасына қарсы» республикалық ақпараттық көш керуені Түркістанға табан тіреді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған акция барысында полиция қызметкерлері мен ерікті жастар тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы жадынамалар таратты. Мамандар азаматтарды күмәнді жұмыс ұсыныстарынан сақ болуға шақырып, адам саудасына қатысты қылмыстар үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертті. Айта кетейік, республикалық ақпараттық көш керуені 30 шілдеде Жетісу облысында өз жұмысын қорытындылайды.