Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы өз нәтижесін беріп келеді. Бағдарлама аясында азаматтар 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, жеке кәсібін ашып, өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік алуда. Мемлекеттік қолдау ауылдағы жаңа бастамаларға серпін беріп, тұрақты жұмыс орындарының көбеюіне жол ашып отыр.