Түркістан
EN

Шоқтас көшелеріне асфальт төселуде

4
29.07.2026

Кентау қаласына қарасты Шоқтас елді мекенінде жол сапасын жақсартуға бағытталған құрылыс жұмыстары жалғасуда. Осы істің аясында жалпы ұзындығы 4 жарым  шақырым болатын басты көше мен саяжай жолдарына асфальтбетон жабыны төселуде. Қазіргі таңда жолдың негізін дайындау жұмыстары толық аяқталып, асфальт жаю жұмыстары  басталған. Құрылыс  кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Жоба аяқталған соң елді мекен тұрғындары сапалы әрі қауіпсіз жолмен қатынауға мүмкіндік алады.