Түркістан
EN

Түркістан облысында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға қайтарымсыз гранттар берілуде

5
29.07.2026

 Кәсіп ашуға ниетті азаматтар қатары көбейіп келеді. Биыл Түркістан облысында жаңа бизнес-идеяларға берілетін қайтарымсыз грантқа 1500-ден астам азамат өтінім берген. Жалпы жыл соңына дейін 1450 адамға мемлекеттік қолдау көрсету жоспарланған. Алғашқы лекке қатысушылар бизнес-жобаларын комиссия алдында қорғады. Ашық форматта өткен іріктеудің қорытындысы бойынша 730 азаматтың бастамасы мақұлданып, олар қайтарымсыз қаржы иеленді. Бұл қаражат өндіріс, қызмет көрсету, мал және құс шаруашылығы, көкөніс өсіру, қолөнер мен тамақ өндірісі сияқты  кәсіп түрлерін дамытуға жұмсалады. Осылайша, жүздеген тұрғын өз кәсібін бастап, өңірдегі шағын кәсіпкерліктің өрісін кеңейтуге жол ашпақ.