Түркістан
EN

Қазақстанда кедей өңірлер арасында Түркістан мен Маңғыстау көш бастап тұр

229
29.04.2022

Елде кедейлік деңгейі жоғары өңірлер арасында Түркістан мен Маңғыстау облыстары көш бастап тұр. Ұлттық статистика бюросының 2021 жылғы деректері осындай. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін халықтың үлесі – 5,2 процент құрап отыр. Мемлекет басшысы жолдауында жыл сайын 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын ашу міндетін жүктегені белгілі. Жұмыссыз азаматттарды қолдау мақсатында бүгін Түркістан облысында жәрмеңке өтті. Мұнда жұмысқа іздеп келушілердің қарасы қалың. Айта кетейік Түркістан облысында еңбекке жарамды 826 мыңдай халық тұрады. Өңірдегі жұмыссыздық мәселесін шешу үшін «8200 тұрақты жұмыс орнын тауып беруіміз қажет» - деді Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы. Президент жолдауында кедейлікпен күрестің кешенді жоспары мен арнайы бағдарлама әзірлеу қажеттігін айтқан еді. Бүгінгі жауаптылар  халықтың табысын арттыруға сеп болатын бағдарламамен таныстырды. Оның аясында 2 млн жаңа жұмыс орны құрылатын болады.