Қазақстанда 2029 жылға дейін жалпы қуаты 7,3 ГВт болатын жаңа электр станциялары іске қосылады. Бұл жобаларға 6,2 трлн теңге инвестиция бөлінеді. Осылайша 2027 жылдан бастап елімізде электр жарығының тапшылығы болмайды деп жоспарланды. Тіпті артық электр энергиясын басқа елдерге сату мүмкіндігі пайда болады. Үкіметтің бүгінгі отырысында талқыланған жобалар елдегі қуат көзіне деген сұранысты толық қамтамасыз етіп, болашақта энергия тапшылығының алдын алуға көмектеседі.