Түркістан
EN

Заңсыз айналымнан 31 қару тәркіленді

3
28.07.2026

Елімізде бір ғана шілде айының өзінде  қолдануға рұқсат етілмеген  31 қару мен 278 оқ-дәрі тәркіленді. Заңбұзушылық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құқық қорғау органдарымен бірлескен жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде анықталған. Олар бір ай бойы Алматы, Шымкент қалаларымен қатар, еліміздің 8 өңірінде арнайы тексеру жүргізіпті. Нәтижесінде, 4 автомат, 20 мылтық, 7 тапанша, 2 граната және 300-ге жуық оқ дәрі тәркіледі. Жауаптылар қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары басталғанын мәлімдеді.