Түркістан облысы жылдың алғашқы жартыжылдығында экономикалық өсім бойынша өзге өңірлер бәрінен озық шықты. Қаңтар-маусым айларының қорытындысында өңірдегі өсім 126 пайыздан асып, жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн 129 млрд теңгеден асты. Әсіресе өңдеу өнеркәсібі 150 пайызға өсіп, аймақ экономикасына тартылған инвестиция 894 млрд теңгеге жеткен. Оның басым бөлігі жеке кәсіпкерлердің қаржысы. Алайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров алқа отырысында мерейді өсірген межелермен қатар, көрсеткішті төмендеткен аудандардың жұмысы да қатаң сынға алды.