Сайлау күні тіркелген мекенжайынан тыс жерде болатын азаматтар үшін дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін алдын ала өзіңіз тіркелген учаскелік сайлау комиссиясынан есептен шығару куәлігін алу қажет. Азамат жеке куәлігімен немесе паспортымен барып, жазбаша өтініш береді. Қажет болған жағдайда куәлікті сенім білдірілген өкіл арқылы да рәсімдеуге болады. Есептен шығару куәлігі сайлауға 15 күн қалғанда беріле бастайды және дауыс беру күніне дейін сағат 18:00-ден кешіктірілмей беріледі. Ал сайлау күні осы куәлік пен жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен азамат Қазақстанның кез келген сайлау учаскесінде сайлаушылар тізіміне енгізіліп, өз таңдауын жасауға мүмкіндігі бар.