Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы жеделдейді. Бүгінде шойын жолдың 57 шақырымы төселген. Құрылысқа 1200-ден астам маман мен 800-дей арнайы техника жұмылдырылған. Қазір «Мақтаарал шекара маңы» станциясында жұмыс қызу. Онда шекара мен кеден қызметтеріне қажетті инфрақұрылым жасақталады. Айта кетейік, шойын жол желісі іске қосылса, 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай ақ, Сарыағаш шекара станциясындағы жүктеме 40%-ға азайып, «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің тиімділігі артпақ. "Қазақстан темір жолы" салаға қажетті кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөліп келеді. Компания филиалдары басшыларына Мақтаарал, Сарыағаш және Жетісай аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен және жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп теміржол инфрақұрылымы объектілерінде одан әрі жұмыс істеу үшін жергілікті тұрғындарды оқыту мен жұмысқа орналастыру жүктелді.