Түркістанда өзін-өзі тану пәні мұғалімдері бас көтерді. Мұның негізгі себебі 1 апта бұрын дәл осы пән «негізгі сабақтар тізбесінен алынып тасталады» деген ақпарат шықты. Сосын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеме жасады. Алайда бұл шешімге ұстаздар наразылық білдіріп отыр. Өйткені талай жылдан бері осы пәннен сабақ беріп, напақасын тауып келген оқытушылар жұмыссыз қалудан қауіптеніп тұр. Бас ұстаздың айтуынша, әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мамандық иелері оқытушысы қызметін атқара береді. Яғни дипломы бойынша тәмәмдаған пәнінен сабақ бере алады. Десе де, педагогтар мұны қолдамайды. Себебі кейбір мектепте тарих, әдебиет пәндерінен сабақ беретін ұстаздардың орны бос емес. Айта кетейік, мектеп бағдарламасына өзін-өзі тану пәнін енгізу Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы Сара Алпысқызының бастамасымен жүзеге асқан еді. Ал 2010 жылдың басында бұл пән еліміздің 184-білім мекемесінде оқытылды. Енді өзін-өзі танудан республика бойынша сабақ беріп келген ұстаздардың барлығы жұмысын жалғастыра бере ме? Педогогтардың жалғыз табыс көзінен айрылып қалмасына кім кепіл? Бұл сұрақтардың жауабы ашық күйінде қалып отыр.