Ерекше күтімді қажет ететін балаларға көрсетілетін қолдау жыл сайын артып келеді. Мемлекет олардың сапалы оңалтудан өтіп, қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасап жатыр. Шардара ауданында бүгінде 180 ерекше бала есепте тұр. Олардың басым бөлігі арнайы оңалту орталығында кешенді көмек алады.