Көшкінге тап болған турист құтқарылды

10
2026-07-27

Алматы облысында тау көшкінінде қалып қойған турист құтқарылды. Карнизный шыңындағы 4500 метр биіктікке көтерілген азамат табиғаттың тосын мінезіне тап болып, аяқ-қолын жарақаттап алған. Хабарсыз кеткен туристті төтенше жағдайлар қызметі жедел іздеуге кірісіп, оны қауіпсіз жерге эвакуациялады. Құтқару жұмыстарына «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылған. Зардап шеккен адам Боралдай әуежайына жеткізіліп, қалалық ауруханаға жатқызылды. Қазір жағдайы бірқалыпты.