Есірткі бизнесінен 1,8 млрд теңге тапқан күдікті Грузиядан Қазақстанға жеткізілді. Ол Алматы облысы аумағында аса ірі көлемде есірткі өндірісін ұйымдастырған. Ал психотропты заттарды осы облыс пен Алматы қаласының аумағында жасырын түрде таратылған. Тергеп -тексеру барысында, қылмыстық топтан 10 келіге жуық мефедрон алынды. Оған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қазіргі уақытта қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі сотқа берілген. Ал кейбір мүшелеріне халықаралық іздеу жарияланған.