Түркістан
EN

Электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді

29
27.07.2026

Биыл электр стансаларын жөндеуге қазынадан 384 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға көп. Құрылысқа қажетті ақша  электр энергиясы тарифі есебінен жинақталған. Бірінші кезекте әбден тозған учаскелерге жаңару жұмыстары жүргізіледі. Былтыр электр стансаларын жөндеуге 348 млрд теңге жұмсалды. Бұл қаражатқа 10 энергоблок, 63 қазандық пен 39 турбина күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ 17 мың шақырым электр тарату сымы мен 420 қосалқы станса жаңартылып, 323 шақырым тозған жылу желісі ауыстырылды. Жыл соңына дейін электр стансаларындағы жабдықтардың тозу деңгейін 52 пайызға дейін төмендету жоспарда бар.