Түркістан
EN

Егістікке ағын су жеткілікті берілуде

38
27.07.2026

Түркістан облысында вегетациялық кезең қалыпты жүріп жатыр. Биыл ауа райының ылғалды, жауын-шашынды болуына байланысты су қоймаларында жеткілікті көлемде су жиналған. Үш ауданды ағын сумен қамтитын «Шардара» су қоймасында қазір 3 млрд 716 млн текше метр су бар. Ал трансшекаралық «Достық» магистралды каналы арқылы Өзбекстаннан секундына 145 мың текше метр су келіп жатыр. Мамандар шілденің шіліңгір ыстығында су шаруалардың сұранысына сәйкес қажетті көлемде беріліп жатқанын айтады.