Түркістан
EN

Түркістан облысы әкімдігі жалпы құны 78 миллион ақш доллары болатын меморандумдарға қол қойды

18
27.07.2026

Ақтау қаласында өткен Қазақстан мен Өзбекстан республикалары арасындағы өңір басшылары кеңесінің бірінші отырысында Түркістан облысы әкімдігі жалпы құны 78 миллион доллар болатын келісімдерге қол қойды. Оның оның ішінде  профлист,  құбырлар, сэндвич-панельдер және жеңіл болаттан жасалған жұқа қабырғалы конструкцияларшығаратын металл зауыты бар. Сонымен қатар, Өзбекстан тарабы 2 миллион АҚШ долларына  күнбағыс майын өндіретін зауыт салу жобасын және  5 миллион АҚШ долларға  жүгеріні терең өңдеу өнімдерін экспорттау ісін ұсынды. Мұнан бөлек ет өндірісіне қатысты да келісімдер жасалды. Ет өңдеу кешенінің өнімдерін сыртқы нарыққа шығару және тұқы (карп) балығын өсіруге арналған заманауи  шаруашылық кешенін құруға уағдаласты. Балық кешенін салуға 12 миллион доллар қаржы жұмсалмақ.