Түркістан
EN

Елімізде 15,9 млн тонна жемшөп дайындалды

4
27.07.2026

Қыстың қамын жаз ойла. Елімізде төрт түлік малға жемшөп дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бүгінге дейін қора жайға  16 миллион тоннаға жуық азық жиналды. Оның басым бөлігі, яғни 13 миллион тоннадан астамы  кәдімгі пішен. Өзгесі  сүрлем. Бұл ретте шаруалар да дайындықты күшейткен. Биыл мал азығы егілген алқап көлемі 3,3 миллион гектардан асып, өткен жылмен салыстырғанда 243 мың гектарға көбейді. Яғни, егістіктің 14 пайызы тек мал азығына арналған. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл жұмысты арнайы штаб арқылы күнделікті бақылап отыр. Басты мақсат  алдағы қыста таршылық көрмей, елді сапалы ет пен сүт өнімдерімен қамту. Межеленген жоспар толық орындалса, бұл қыс шаруалар үшін алаңсыз өтпек.