Барлық мешіттерде бір мезетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт насихат жұмыстары өтті

10
2026-07-24

Түркістан облысының барлық мешіттерінде бір мезетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт насихат айтылды.  Жұма намазы аясындағы рухани шараға 80 мыңнан астам адам қатысты. Имамдар адалдық, әділдік, аманатқа беріктік және парақорлықтың қоғамға тигізетін зардаптары туралы насихат айтты. Сондай-ақ жамағатты заңға құрметпен қарап, жемқорлықпен ымырасыз күреске  шақырды. Уағыз соңында елдің тыныштығы мен әділдіктің салтанат құруы үшін дұға жасалды.