Төлеби өрендері өнер көрсетті

8
2026-07-24

Төлеби ауданында жазғы кештер ерекше сәнге бөленіп келеді. Орталық алаңда апта сайын ашық аспан астында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, тұрғындардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне мүмкіндік жасалуда. Әр кештің өзіндік тақырыбы бар. Концерттерге аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарымен қатар, Шымкент қаласы мен ауылдық мәдениет үйлерінің шығармашылық ұжымдары да қатысады. Соның нәтижесінде орталық алаңға алты жастағы бүлдіршіннен бастап, алпыс жастан асқан қарияға дейін жиналып, өнер кешінің көркін қыздырады.