Түркістан
EN

Қазақстан мен Өзбекстан Республикасының Премьер-министрлері бірлескен 23-ші отырысы

51
24.07.2026

Жыл басынан бері Қазақстанның бауырлас ел Өзбекстанмен тауар айналымы 37%-ға артып, 2,3 млрд долларға жеткен. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша, екіжақты сауда көлемі 4,8 млрд доллар болған. Бұл туралы Ақтауда өткен үкіметаралық комиссияның 23-ші отырысында белгілі болды. Қазіргі уақытта тараптар жалпы құны 1,8 млрд доллардан асатын 80 бірлескен жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінде оның 15-і іске қосылып, 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылған. Сондай-ақ, кездесуде көлік қатынасы және логистикалық дәліздерді дамыту мәселесі қаралды. Жүк тасымалын арттыру үшін теміржол дәліздерінің өткізу мүмкіндігін 35 миллион тоннадан 60 миллион тоннаға дейін арттыру және қосымша өткізу бекеттерін ашу көзделіп отыр.