Түркістан
EN

Қазақстанда адам саудасына қатысты 80 қылмыс тіркелді

60
24.07.2026

 Үйсіз-күйсіз жүрген жандардың атына несие тіркеп, қымбат көліктер рәсімдеп сатқандар анықталды. Алматы мен Шымкентте панасыздардың шарасыздығын пайдаланып, қылмыстық схемамен байып келген ұйымдасқан топ құрықталды. Жалпы, биыл елде адам саудасына қатысты 80 қылмыс тіркеліп, осындай екі ірі қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Ал жезөкшелікке үй-жай беріп, интимдік қызмет ұйымдастырғандарға 758 әкімшілік іс қозғалып, 213 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.