Түркістан
EN

Қайтарымсыз грант – кәсіпке қолдау

76
24.07.2026

Мемлекет  бизнес бастауға ниетті азаматтарды қолдауды жалғастыруда. Соның бірі – қайтарымсыз мемлекеттік грант. Бұл қолдау жаңа кәсіп ашуға, өндіріс көлемін ұлғайтуға және халықтың табысын арттыруға бағытталған. Бағдарлама аясында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға өз бизнес-идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі. Төлеби ауданында да мемлекеттік қолдаудың игілігін көріп, кәсібін кеңейткен жандар бар.