Түркістан
EN

Мәйіттік донор арқылы жасалатын трансплантация саны үш есеге жуық артты

42
24.07.2026

Елімізде үкілі үміт, жалтақтаған жанармен донорлық ағзаға мұқтаж
4739 адам трансплантация кезегінде тұр. Олардың арасында 125 бала бар. Ал трансплантациялық оталардың шамамен 90 пайызы  туыстық донорлардың қатысуымен жасалады. Қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың үлесі 10 пайызға да жетпейді. Салдарынан жыл сайын осы тізімдегі 300-ге жуық адам қаза табады. Денсаулық сақтау министрлігі мәйіт донорлығы арқылы ересектерге ғана емес, балаларға да трансплантация жасауды көздеп отыр.