Түркістан
EN

Жаңбырдан кейін Астана көшелерін су басты

39
24.07.2026

Астанада аптап ыстықтан кейін тосыннан құйған нөсер жауын мен бұршақ  халықты әбігерге салды. Жарты сағатқа жетер жетпес уақыт  толассыз жауған жаңбыр Астана көшелерін көлге айналдырды. Көліктер жол ортасында белуарына дейін су кешіп, біразы оталмай өшіп қалды. Кейбір көшелерде судың тереңдігі машинаның бел ортасынан асып кеткен. Амалы таусылған жүргізушілер тіпті өз көліктерінің төбесіне шығып отыруға мәжбүр болған. Мәңгілік Ел даңғылы мен өзге де орталық көшелерде де қозғалыс кілт тоқтады. Ал жаяу жүргіншілер суды кешіп өтуге мәжбүр болды.  Синоптиктер еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын. Қазір елордада коммунальдық қызметтер мен арнайы техникалар күшейтілген режимде тоқтаусыз жұмыс істеуде.