Елімізде тәуелсіздік жылдары тарихында алғаш рет ауқымды әкімшілік рақымшылық жасалды. Ел Президентінің бастамасымен бір айға жетер жетпес уақытта 681 мыңнан астам азаматтың 22 миллиард 800 миллион теңге айыппұлы кешірілді. Жалпы жиынтығы бір жарым миллионға жуық әкімшілік іс тоқтатылған. Жеңілдік салық, кеден, экология, санитариялық бақылау мен кәсіпкерлік саласындағы 380-нен астам бапты қамтып отыр. Азаматтар рақымшылықтың арқасында қарыздан құтылып қана қоймай есеп шоттары мен автокөліктерін пайдалануға қойылған шектеулерден де арылды. Мамандардың айтуынша, бұл жаңа Конституция аясында халыққа жасалған нақты қолдаудың көрінісі.