Түркістан
EN

Діни ахуалға қатысты өзекті мәселелерді талқылады

41
24.07.2026

«Зайырлы мемлекет пен қоғам». Түркістанда осындай тақырыпта семинар тренинг өтті. Біліктілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған жиында қоғамдағы діни сауаттылықты арттыру, радикалды идеологияның алдын алу жайы сөз болды. Сонымен қатар, теолог, заңгерлер мазмұнды дәріс оқыды. Онда зайырлылық ұғымының тарихи қалыптасуы мен оның қоғамдағы орны жан-жақты талқыланды. Теріс ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсері мен салдары жайлы нақты мысалдар келтірілді.  Семинар-тренинг барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, өңірдегі діни ахуалға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Айта кетейік, аталған семинар жыл басынан бері үшінші рет  ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта өзге сала өкілдеріне дәріс өту жоспарда бар.