Түркістан
EN

Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

31
23.07.2026

«Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ғалымдары Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазбаны Мәскеуден тапты. Құнды мұра Ресей мемлекеттік кітапханасының қорында жатқан. Қолжазба Ясауи тариқатының тарихы мен рухани іліміне арналған. Онда сопылық ілім, жария зікір дәстүрі және рухани сабақтастық туралы тың деректер қамтылған. Қазір мамандар қолжазбаның ғылыми сипаттамасын әзірлеп, мәтінтанулық зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кейін зерттеу нәтижелері ғылыми айналымға енгізіледі.