Түркістан облысында 23 тамызда өтетін құрылтай депуттары сайлауына дайындық жұмыстары пысықталып жатыр. Алдағы саяси науқанда облыс бойынша 952 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде 26 жабық учаске бар. Қазір сайлаушылар тізімі нақтыланып, азаматтарға өз мәліметтерін алдын ала тексеруге мүмкіндік жасалуда.