Түркістанда 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған қылмыстық топқа үкім шықты. 27 адамның әрқайсысына қылмысқа қатыстылығына қарай 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Арнайы топ ірі қара мал сатып алуға арналған агробизнесті қолдау бағдарламасы аясында бөлінген қомақты қаржыны қолды қылған. Тергеу барысында осы мақсатта жасалған 33 қылмыстық құқық бұзушылық фактісі анықталды. Нақтырақ айтсақ, несие алу үшін белгісіз жандардың атына жалған шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерді тіркеп, өтінімдерге қолдан жасалған бизнес-жоспарлар ұсынылған. Жалпы саны 24 жалған несие рәсімделіп, кепіл ретінде 54 нысан ұсынған. Ал, іс жүзінде көрсетілген нысандардің бірі де жоқ болып шықты.