Биылғы алты айдың қорытындысы бойынша Түркістан облысының қысқа мерзімді экономикалық өсім көрсеткіші 126,3 пайызға жетті. Осы нәтижемен өңір республика бойынша бірінші орынға шықты. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлім болды. Өңірде экономикаға инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын іске қосу, өндірістік парктерді дамыту, ауыл шаруашылығы мен туризм саласындағы жобаларды жүзеге асыру негізгі басымдықтардың бірі болып отыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, импортты алмастыру мен өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға басымдық берілетінін айтты.