Ақтөбе облысында екі жыл бұрын жоғалып кеткен адамның басы тоңазытқыштан табылды. Қылмыскер ер адамды өлтіріп, мәйіттің бас бөлігін кесіп алып үйінде сақтап келген. Қанды оқиға 2024 жылдың күзінде басталған. Жергілікті тұрғын күйеуінің үйге оралмай, байланысқа шықпағанын айтып, полицияға арызданады. Арнайы құрылған топ марқұмның жақындарынан, көршілері мен әріптестерінен жауап алып, барлық күдікті орындарды тексерген. Нәтижесінде, іздеудегі азаматтың соңғы рет бірге болған екі танысы анықталады. Күдіктілердің үйін тінту кезде тәртіп сақшылары марқұмның басын тоңазытқыштан табады. Бұлтартпас айғақтан соң екі азамат та істеген ісін мойындауға мәжбүр болған. Сот шешімімен кісі өлтірген басты айыпталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал осы аса ауыр қылмысты біле тұра жасырған екінші күдікті 4 жылға сотталды.