БАҚ өкілдеріне арналған онлайн семинар өтті

11
2026-07-22

 Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық басталды. Осыған орай БАҚ өкілдеріне арналған республикалық семинар өтті. Онлайн жиында сайлау науқанының негізгі кезеңдері, үгіт-насихат жұмыстарының мерзімі мен заң талаптары түсіндірілді. Бұл жолы еліміз бойынша 10 424 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 9 780-і тұрақты, 644-і уақытша жасқатлған. Сондай-ақ 61 елде 79  сайлау учаскесі ашылады. Сайлау процесіне 71 275 комиссия мүшесі қатысады. Семинар барысында Құрылтайдың 145 депутаттан тұратыны және кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға тиесілі екені айтылды.