25 тамыздан бастап «Жол жүрісі туралы» заңына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Ең алдымен 65 жастан асқан, мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медицицналық тексеруден өту қажет. Келесі өзгеріс, жол жүрісі қағидаларын білу деңгейін қайта тексеруге қатысты. Яғни, жолда жүру қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілер қайтадан теориялық емтихан тапсыруға жіберілуі мүмкін. Мысалы, жол қиылысын өту кезінде апаттық жағдай туғызу, маневр жасау, жылдамдықты бірнеше рет асыру сияқты өрескел құқық бұзушылықтар. Бұл талап барлық жүргізушіге емес, тек заңда нақты көзделген жағдайларда ғана қолданылады. Ал алкоголь, есірткі немесе уытқұмарлыққа бой алдырып, масаң күйде көлік басқарғаны үшін жауапкершілік күшейтілді.