Қызыл кітапқа енген 35 жыртқыш құс тәлімбақтан тәркіленді. Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облысында сирек кездесетін құстарды заңсыз иемдену дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Белгілі болғандай, күдікті бірнеше жыл бойы Қарағандыдағы үйінің ауласында рұқсатсыз тәлімбақ ашып, Instagram арқылы табиғи ортадан ауланған қыран құстарды аулап, жеткізіп беретіндермен байланыс орнатқан. Тәркіленген құстардың арасында ителгі, бүркіт және лашын бар. Олардың барлығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар жануарлар қатарына жатады.