Түркістан облысында жыл соңына дейін 32 нысан пайдалануға берілмек. Бұл туралы аймақ басшысының қатысуымен өткен мәжілісте құрылыс басқармасының басшысы Абай Тұрханов мәлімдеді. Қазіргі уақытта өңір аумағында 45 нысаннның құрылысы жүріп жатыр. Басым бөлігі тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бұл жобалардың дені биыл аяқталса, бірқатары келер жылдың еншісіне қалмақ.