Түркістан
EN

«Таза Қазақстан» бағдарламасын орындау бойынша тазалық жұмыстары күшейтілді

37
22.07.2026

 Түркістан облысында көше тазалығын сақтамағандар енді қатаң жазаланады. Өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша тексеріс күшейтілді. Бүгінде ауылдық округ әкімдіктері жыл басынан бері 2 мың 800-дей рейд жүргізіп, тұрғындарға ескерту жасаған. Бұдан бөлек, заңсыз қоқыс орындары енді тіпті ғарыштан бақыланып жатыр. Қазір арнайы құрылғы арқылы 250 заңсыз алаң табылған, алайда оның 33-і әлі тазартылмаған. Тексеріс кезінде саябақтар мен демалыс орындарының да күтіміне қатысты 400-ге жуық кемшілік анықталды. Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров жауаптыларға бұл олқылықтарды тез арада жойып, тазалық жұмыстарын бақылауда ұстауды тапсырды.