Жазғы демалыс басталғалы өңірде кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында 100-ден астам кәсіпкерлік нысанда рейд жүргізілді. Тексеру барысында еңбек шартынсыз жұмыс істеген жасөспірімдер анықталып, заң бұзушылықтар тіркелді. Сондай-ақ, кейбір жұмыс берушілердің жасөспірімдерді заңда белгіленген жұмыс уақытынан тыс еңбекке тартқаны және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны белгілі болды. Заң бұзушылықтар бойынша материалдар құзырлы органдарға жолданып, жұмыс берушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде. Мамандар кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау кезінде еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар өңірде алдағы уақытта да жалғасады.