Түркістан
EN

«Ясауи керуені» аудандарда жалғасты

3
22.07.2026

Қожа Ахмет Ясауи десе, көпшіліктің көз алдына Түркістандағы кесене келеді. Ал оның хикметтері мен тағылымы қазақтың салт-дәстүріне, дүниетанымына қаншалықты әсер еткенін екінің бірі біле бермейді. Сондықтан, Мемлекет басшысы тарихи тұлғалардың мұрасын кеңінен насихаттауды тапсырған еді. Осы бастаманы жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары бұл жолы Кентау қаласы мен Сауран ауданында жалғасын тапты.