Түркістан
EN

Үкімет Алакөл көлінің инфрақұрылымын дамыту үшін 3 млрд теңге бөлді

3
22.07.2026

Үкімет Алакөл көлінің инфрақұрылымын дамыту үшін 3 млрд теңге бөлді. Бұл қаржы ұзындығы 6 шақырым қорғаныс бөгетін салуға жұмсалады, оның 2,5 шақырымы Көктұма ауылына, 3,5 шақырымы Ақши ауылымен аралықты жалғайды. Жобаның жүзеге асырылуы Алакөл жағалауының одан әрі шайылып кетуінің алдын алып, көлдегі шөгінділердің табиғи тасымалдануы мен қайта бөліну жүйесін сақтауға мүмкіндік береді. Әрі мұндай бастама өңірдің қорғаныс инфрақұрылымын қалыптастырумен қатар,  туристік әлеуетін дамытуға да ықпал етпек.