Түркістан
EN

Каспий теңізінде Қызыл кітапқа енген итбалықтар қырылып жатыр

193
28.04.2022

Каспий теңізінің жағалауында «Қызыл кітапқа» енген итбалықтар қырылып жатыр. Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтаудан 230 шақырым жердегі Қаражанбас кен орнына қарама-қарсы жағалаудан 50-ге жуық өлі итбалық табылған.  Инспекция қызметкерлері су жануарларының қырылу себептерін анықтау үшін оларды зертханалық сараптамадан өткізбек. Тұрғындардың сөзінше, итбалықтардың өліміне Каспий теңізінің тартылуы себеп болуы мүмкін. Ал мамандардың айтуынша, олардың саны жыл сайын 3-4 пайызға азайып келеді.