Шілденің шіліңгір ыстығы адам келбетінің әрін қашырып, беттің шырайын қашыруда. Аптап ыстық түсті, тері аурулары өршітті! Түркістанда жаз басталғалы дерматологтар мен косметологтардың есігін қағушылар саны еселеп артқан. Күннің уытынан бірінің денесін «теміреткі» басып кетсе, енді бірі бетін жайлаған безеуден көз аша алмай жүр.