Ағын су каналдары мемлекет меншігіне қайтарылды

10
2026-07-21

Түркістан облысының Шардара ауданында жылдар бойы жекеменшік иелігінде болған ағын су каналдары кезең-кезеңімен мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр. Ұзындығы 69 шақырым болатын арық-атыздардың күтімсіз қалуы салдарынан су ысырап болып, жүздеген гектар жер игерусіз қалған. Енді 241 канал жауапты мекеменің қарамағына өтіп, күрделі жөндеу жұмыстары басталды.