Түркістан
EN

ТURKISTAN TV сайлауалды үгіт насихатқа эфир ұсынады

56
21.07.2026

Тұтас ел аумағына  ақпарат таратып келе жатқан «Түркістан» телеарнасы Қазақстан Республикасы Құрылтай  сайлауына қатысатын саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат шараларын эфир арқылы көрсетуге әзір. Ақпарат құралы тәулігіне үш рет жаңалықтар қызыметі арқылы саяси партиялардың маңызды шараларынан жалпақ жұртты құлағадар ете алады. Сондай-ақ түрлі қоғамдық-саяси бағыттағы арнайы бағдарламаларға спикер ретінде қатыстырып,  партия өкілдерінің саяси науқанның маңызы мен  сайлауалды бағдарамаларын таныстыруына  жағдай жасайды. «Түркістан» телеарнасы СММ бөлімі тапсырысқа сай бейнематериалдарды ресми YouTube арнасы, Instagram, TikTok, Facebook, Threads және  Telegram арқылы әлеуметтік желіде кеңінен насихаттайды. СММ материалдары тек YouTube видео хостингінің өзінде 68 миллионға жуық қарылмға ие. Үгіт материалдарын орналастыру жазбаша өтінім және жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады. Материалдар эфирге шығатын мерзімнен кемі 3 (үш)  күн бұрын ұсынылуы тиіс. Барлық саяси партиялар үшін қызмет көрсету шарттары мен төлем мөлшері бірдей болып табылады. Телеарна хабарлары Отау ТВ, ІD, Алма ТВ, ЦТВ, ВЕЕ ТВ секілді барлық цифрлық платформалар арқылы ел аумағына тарайды.