Түркістан
EN

Заңсыз құм өндірген кәсіпорын анықталды

65
21.07.2026

Қостанай облысында құмды заңсыз алған кәсіпорын анықталды. Нақтырақ айтсақ, «Стс-Цемент» ЖШС-нің басшысы мемлекет белгілеп берген жер қойнауы учаскесінен тыс жерден құм қазған. Жалпы сатылған құм көлемі 113 мың текше метрден асады.  Ал одан түскен пайда 720 млн теңгеге жуықтайды. Заңсыз әрекеттің салдарынан, Тобыл өзенінің арнасы мен жағалауы бүлінген. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі анықтап, жер қойнауын заңсыз пайдалану және пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру фактілері бойынша тергеп-тексеру аяқталғанын хабарлады.