Елімізде «Астана» брендімен автобустар шығарылады. Бұл туралы Үкімет отырысында «Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді. Автобустар аспан асты елімен бірлесіп құрастырылған. Әлемдік жетекші өндірушілердің компоненттері пайдаланылады. Сонымен қатар автобустардың дизайнын жасауға қазақстандық инженерлер тікелей қатысқан.