Қордаланған мәселені шешу үшін жүйелі жұмыс қажет. Жай сөзбен емес, іспен әрекет етіңдер. Осылай деген облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі денсаулық саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Бүгінде дағдарыс санатындағы және МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған тұрғындарды тегін медициналық көмекпен қамту жұмыстары жүргізілуде. Ал оларға медициналық көмектің қолжетімділігін түсіндіру тұрақты бақылауда. Тіпті осы мақсатта арнайы жұмысшы топ құрылған.