Елбасының құқықтары туралы заң күшін жоюы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді. Оның айтуынша, Тұңғыш Президенттің «мемлекет негізін қалаушы» деген тарихи рөлі ғана сақталады. Ал жаңа Конституция қашан қабылданатыны әзірге белгісіз. Сондай-ақ, Ерлан Қошанов қаржылық пирамидаға қатысты пікір білдірді. Нақтыласақ, алаяқтық ұйымдарды жарнамалайтын вайнерлер мен әртістерді қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылуда. Мұндай оқиғалар әсіресе аймақтарда жиі орын алады деген мәжіліс төрағасы аталған заң жақын арада жүзеге асатынын мәлімдеді. Еске салсақ, 10 ақпанда белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев, Әзімхан Саидбаев пен Мейірхан Шерниязовты қаржылық пирамидаға қатысы бар деп айыпталған еді.