Түркістан
EN

Үкімет көлеңкелі экономикаға қарсы іс қимыл жөніндегі кешенді жоспарды бекітті

8
21.07.2026

Елдегі заңсыз, жасырын жүрген ақша айналымы азаяды. Үкімет көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға бағытталған жаңа кешенді жоспарды бекітті.  Басты мақсат мемлекет қаржысын ұрлатпай, қазынаны толтыру. Бұл адал жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге қоымша салық үстемелемейді, жаңа шектеу де қоймайды. Тек арам шөптей қаптаған заңсыз бизнесті тоқтатады. Енді күресте жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар басты құралға айналмақ. Соңғы жылдары елімізде 20-дан астам цифрлық жүйе іске қосылып, айналымы 2 триллион теңге болатын заңсыз интернет-казинолар анықталды. Сондай-ақ, 360 млрд теңге көлеміндегі негізсіз бюджеттік шығыстар тоқтатылды. Нәтижесінде көлеңкелі экономиканың үлесі едәуір төмендеді. Ал Премьер-министр бекіткен жаңа 3 жылдық жоспар бұл көрсеткішті одан әрі азайтуды көздейді.